"Тағы залалды өтеуі мүмкін". Боранбаев мемлекетке қанша аударды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тағы залалды өтеуі мүмкін". Боранбаев мемлекетке қанша аударды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгінде миллиардер Кайрат Боранбаевтың қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Ол тағы өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде миллиардер Кайрат Боранбаевтың қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Ол тағы өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Кайрат Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге көлеміндегі залалды өтеген.

"Жалпы оның (Қайрат Боранбаев) үстінен қозғалған негізгі қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың 14,5 млрд теңгесі өтелді. Бұдан басқа, ол өз еркімен мемлекетке 120 млрд теңге көлемінде залалды өтеді: жалпы сомасы – 134,5 млрд теңге. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, ол әлі тергеліп жатыр. Сондақтын тағы өтемақы болуы мүмкін", - деді Жеңіс Елемесов Мәжілік кулуарында.

Ол миллиардер сот үкімімен сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын еске салды.

"Басында ол (Қайрат Боранбаев) бас бостандығынан айырылды. Алайда кейін ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтегендіктен ол бас бостандығынан шектелді. Оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертудің қажеті жоқ. Себебі, оның бостандығы шектелген", - деді ҚМА төрағасының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети