Taiburyl қоры тағайындаған шәкіртақы бүкіл Қазақстан бойынша 157 студентке бұйырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Taiburyl қоры тағайындаған шәкіртақы бүкіл Қазақстан бойынша 157 студентке бұйырды Taiburyl шәкіртақысын марапаттау салтанатында

Астанада Taiburyl қоры бағдарламасы бойынша ай сайын берілетін шәкіртақы сертификаттары табыс етілді. Қазақстанның барлық аумағынан 157 студент аталған стипендия иегері атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның тізімімен мына арадан таныса аласыздар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Taiburyl қоры бағдарламасы бойынша ай сайын берілетін шәкіртақы сертификаттары табыс етілді. Қазақстанның барлық аумағынан 157 студент аталған стипендия иегері атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның тізімімен мына арадан таныса аласыздар.

Бес ай бойына әр студент 30 мың теңгеден алатын болады. Іріктеу кезінде, ең алдымен, студенттің оқу үлгерімі көрсеткішінің өте жоғары болуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына, сұранысқа сай маман болуына айырықша мән берілді.

Арнайы шәкіртақы иегерлігінен үміткерлерді мемлекеттік және қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтің басшылығындағы арнайы комиссия іріктеді. Комиссия төрағасының айтуынша, қор шәкіртақысы жекеменшіктің есебінен түзілген. "Бұл мемлекеттік шәкіртақы емес. Арнайы тапсырмамен емес, игі іс жасағысы келген, ең алдымен, жастардың арман-тілегі бойынша құрылған қаражат. Ол кім жақсы оқыса, кім осы ақшаға аса кіріптар боп тұрса, соған арналады" деді Әбенов.

Сондай-ақ ол келесі жылы дарынды жастарды қолдауға арналған осы бәйгеге қазіргі стипендия иегерлері де қатыса алатындығын жеткізді. Бұл арада жеңімпаздар өздеріне берілетін ақшаны қайтаруға міндетті емес екенін баса айта кетелік. Жоба мақсаты - дарынды суденттерді қолдау. Еске сала кетелік, 21 қыркүйекте бәйге комиссиясы 461 үміткер ішінен 157 студентті іріктеп алды. Қазақстан бойынша бұл конкурсқа 968 студент қатысқан.

Арнайы комиссия құрамына комиссия төрағасы, бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі, "Өрлеу ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, "Алаш Медиа Групп" медиа холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев, "Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты" ЖШС-нің бас директоры Әлім Есетов, Kaspi Bank-тің Астанадағы филиалының директоры Меруерт Цхай, Black & White Group медиа компаниясының басқарушы әріптесі Думан Қожахметов енеді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети