Фархат Мұратбеков. Фото отбасы мұрағатынан алынды
Таиландта зардап шеккен қазақстандық Фархат Мұратбеков 26 ақпан күні қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz оның әпкесі Динара Мұратбековаға сілтеме жасап. "Біз кеше одан айырылдық. Жүрек талмасы, кеше қан қысымы күрт төмендеп, жүрегі тоқтап қалды. Осы кезге дейін бізді қолдаған барлық адамға рақмет!" - деді Мұратбекова. Астанадағы жедел жәрдем республикалық орталығының дәрігерлері бірнеше күн бұрын науқасты басқа клиникаға ауыстыруды жоспарлаған. Бұған дейін оның жағдайы жақсарғаны, бірақ комадан шықпағаны хабарланған еді. Дәрігерлер науқасты құтқарып қалу үшін қолдан келгенін жасаған. Мұратбековтің диагнозын анықтау үшін Германия мен Ресейден дәрігерлер келген. Еске сала кетейік, Фархат Мұратбеков Таиландта бассейнге түспек болған кезде өзін жайсыз сезінеді, денесі құрыса бастайды. Дәрігерлер келгенше есінен танып қалған ол Паттайя ауруханасында бірнеше апта жатады. Кейін ол Астана қаласына жеткізілді. Қазір марқұмның артында әйелі мен баласы қалды.
Таиландта зардап шеккен қазақстандық Фархат Мұратбеков 26 ақпан күні қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz оның әпкесі Динара Мұратбековаға сілтеме жасап.
"Біз кеше одан айырылдық. Жүрек талмасы, кеше қан қысымы күрт төмендеп, жүрегі тоқтап қалды. Осы кезге дейін бізді қолдаған барлық адамға рақмет!" - деді Мұратбекова.
Астанадағы жедел жәрдем республикалық орталығының дәрігерлері бірнеше күн бұрын науқасты басқа клиникаға ауыстыруды жоспарлаған. Бұған дейін оның жағдайы жақсарғаны, бірақ комадан шықпағаны хабарланған еді. Дәрігерлер науқасты құтқарып қалу үшін қолдан келгенін жасаған. Мұратбековтің диагнозын анықтау үшін Германия мен Ресейден дәрігерлер келген.
Еске сала кетейік, Фархат Мұратбеков Таиландта бассейнге түспек болған кезде өзін жайсыз сезінеді, денесі құрыса бастайды. Дәрігерлер келгенше есінен танып қалған ол Паттайя ауруханасында бірнеше апта жатады. Кейін ол Астана қаласына жеткізілді. Қазір марқұмның артында әйелі мен баласы қалды.