13 қыркүйек 2019 | 17:39

Тәжікстан азаматтары Алматыда жарылыс ұйымдастырмақ болған

© zi.dn.ua © zi.dn.ua

Алматыда Тәжістан Республикасының жеті азаматына қатысты қылмыстық істі қарастыру аяқталды, - Tengrinews.kz тілшісі қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Тәжістан Республикасының жеті азаматына қатысты қылмыстық істі қарастыру аяқталды, - Tengrinews.kz тілшісі қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. 

Олар Ислам Республикасы Ауғанстанда жүрген "Шахамад" есімді рухани тәлімгерлерінің бастауымен 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін лаңкестік топтың құрамында болып, радикал діни сенімдер негізінде терроризм актілерін жасауға дайындағаны үшін айыпталған. 

Қылмыскерлер Латиф Хамиди көшесінің бойында орналасқан Ивер-Серафим монастыры мен Мәншүк Мәметова көшесіндегі "АТФ Банкке" өздері жасаған жарылғыш құрылғыны қолданып, шабуылдамақ болған. 

Сот үкімі бойынша қылмыскерлерге 12 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Олардың барлығы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

Негізгі жазаны өтегеннен кейін сотталғандар Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шеттетіліп, республика аумағына бес жылға кіруге тыйым салынады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети