23 сәуір 2015 14:58

Тәжікстанның жолаушылар ұшағы қозғалтқыштағы ақауларға байланысты Қызылордаға шұғыл қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қорған-төбеден Мәскеуге бағыт алған жолаушылар ұшағы қозғалтқыштағы ақауларға байланысты Қызылордаға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Boeing-737/400 23 сәуірде сағат 7.38-де жанармай құйып алу үшін қалаға қонуы керек болған.

Бірақ, сағат 7.30-да Қызылорда әуежайына ұшақтың қозғалтқыштарының бірінде жанармай қысымының жоғарлауынан ақау пайда болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. "Әуежай қызметкерлері шұғыл шаралар қолданғанының нәтижесінде ұшақ жерге аман-есен қонды. Ұшақ бортындағы жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 165 адамның бір бөлігі "Қорқыт Ата" әуежайының ғимаратына, қалған бөлігі қалалық мейманханаға орналастырылды. Олар үшін барлық жағдай жасалды", - делінген баспасөз хабарламасында. Әкімдіктің мәліметінше, жолаушылар ұшағындағы ақауды жөндеу үшін Тәжікстаннан инженер-механиктер келді. Олар жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жолаушыларды Мәскеуге жеткізу үшін Тәжікстаннан басқа ұшақ келген.

Еске сала кетейік, осыған дейін Самарадан Иранға бағыт алған ұшақ Каспий теңізіне апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. "Ұшақ Самарадан Орал мен Ақтау арқылы Иранға ұшқан. Ол Каспий теңізінің Атырау мен Маңғыстау облыстары арасындағы шекараға қонды. Екі пилот құтқарылды, олар аман, дендері сау", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети