“Тәжірибемде алғаш рет“. Атырауда дәрігерлер егізге жүкті әйелді үйінде босандырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Тәжірибемде алғаш рет“. Атырауда дәрігерлер егізге жүкті әйелді үйінде босандырып алды ©️ AtyrauPress

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда егіз қыз дүниеге келді. Жедел жәрдем фельдшерлері жүкті әйелді үйде босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда егіз қыз дүниеге келді. Жедел жәрдем фельдшерлері жүкті әйелді үйде босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

29 желтоқсанда жүкті әйелден жедел жәрдемге қоңырау түсті. №9 бригада мекенжай бойынша шұғыл шыққан.

Жедел жәрдем фельдшері Эльвира Каримованың айтуынша, бригада келген кезде әйелдің босанып жатқанын анықтаған, бірақ фельдшерлер абдырап қалмаған.

"Әйел босанып жатқан еді, сәбидің басы көріне бастады. Мен босануды қабылдадым. Қыз бала дүниеге келді, кіндік кесілген соң анасы егіз екенін айтты. Алғашында абдырап қалдым, себебі 11 жылдық тәжірибемде алғаш рет осындай жағдай болды, дегенмен босануды талай рет қабылдағанмын", – деп еске алады медицина қызметкері.

Ал екінші фельдшер, жедел жәрдемде бір жыл жұмыс істеп жүрген Қанат Жексембаевтың тәжірибесінде үйде босану жағдайы алғаш рет болған, оның үстіне егіздердің дүниеге келуі ерекше оқиға еді.

Дәрігерлер сәтті жұмыс атқарып, босану ойдағыдай өтті. Нәрестелер мен анасы облыстық перзентханаға жеткізілді.

Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының емдеу жұмыстары жөніндегі директорының орынбасары Наргиза Абдрахманованың айтуынша, жыл басынан бері фельдшерлер стационардан тыс жерде 49 босануды қабылдаған, бірақ егіздердің дүниеге келуі алғаш рет тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети