07 қараша 2022 | 13:39

Тақаев: Каспий теңізінің биоалуандығын сақтау - маңызды міндет

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі және итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі және итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент облыс жұртшылығымен кездесуінде Маңғыстаудың бірқатар күрделі экологиялық проблемалары бар өңір екенін атап өтті. Оның айтуынша, экология мәселелерін шешу қажет. Бұл салада күрделі түйткілдер бар екенін жақсы білесіздер. Экологиялық тепе-теңдік пен Каспийдің биоалуандығын сақтау - маңызды міндет.

"Бүгінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Бұған адам факторы және экологиялық ахуалдың өзгеруі әсер етіп жатыр. Итбалық Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жануардың жойылып кетпеуін және оның санын бұрынғы қалпына жеткізуді мен тікелей бақылауда ұстап отырмын.

Жазда Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтына бардым. Бұл мекеме итбалықтардың азаю себебін зерттейді. Мұндай маңызды мәселеге кешенді ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы итбалықтарды сақтау үшін мемлекеттік табиғи қорықтар құру жоспарланған болатын. Экология министрлігі бұл жұмысты тездетіп, тиісті шешім қабылдауы керек", - деді Тоқаев.

Президент итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуын анықтау үшін Каспий теңізінің айдыны мен жағалауында зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізген жөн. Үкімет өкілетті органдарды теңізде жұмыс істеуге қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге тиіс. Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажет деді.

"Браконьерлер балықтың көбеюіне кесірін тигізіп, теңіздің экожүйесіне зардап келтіріп жатыр. Каспий теңізінің тартылуы – айрықша өзекті мәселенің бірі. Теңіз деңгейі 2005 жылдан бері бір метрден аса төмендеп кеткеніне бәріміз куәміз. Судың тартылу себебі мен оның салдарын жан-жақты зерттеу керек

Осы орайда, Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, Үкімет Каспий жағалауында орналасқан өзге мемлекеттердегі әріптестерімен тығыз жұмыс істеуі керек", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети