"Тәкаппарлық танытты" - куәгер Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тәкаппарлық танытты" - куәгер Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысы туралы © almaty.tv

Алматыда жеке сот орындаушысы соққыға жығылған оқиғаның куәгері бұл жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" мен КТК телеарналарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеке сот орындаушысы соққыға жығылған оқиғаның куәгері бұл жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" мен КТК телеарналарына сілтеме жасап.

Пәтер жалдаушы Раиса Әзизованың айтуынша, сот орындаушысы Әділ Ермековтің өзі арандатқан. Ол өзін тым тәкаппар ұстағанын айтады.  

"Сот орындаушысы қорқытты. Мен сол жерде тұрдым, ол "Мұның бәрін құлат, болды, енді ашулымын" деді. Өз құлағыммен естідім", - деді Әзизова.

"Үйдің қазіргі қожайыны Мақсұт шықты да, "Міне, мен жаңа қожайынмын. Борышкер қайда? Кімнің тегі көрсетілген? Нақты фамилия бар. Менің фамилиям жазылған ба? Жоқ? Демек, қайтадан сотқа беріңіз" деп жайлап айтты. Сот орындаушысы Ысқақов Мақсұтты теуіп, былапыт сөздер айтты. Екі полицей болды, бірақ ештеңе істемеді", - деп қосты куәгер.

Ермеков өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарды. Сот орындаушысы соққы жасаған ер адам үстінен арыз жазған.

"Соққы қатты болды. Ауруханаға бардық. Сынды деп ойладым. Бәрі жақсы. Жағдайым жақсы. Қабырғам ауырады. Оң жағыммен ұйықтай алмаймын", - деді сот орындаушысы.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Қалалық полиция департаменті тергеуді бақылауға алуға уәде берді.

Еске салайық, оқиға 4-қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Кейін жәбірленуші видеохабарлама жариялап, соққы жасаған ер адамды қамататынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети