Таксистер Астана тұрғындарын тегін тасымалдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таксистер Астана тұрғындарын тегін тасымалдайды © astana.gov.kz

"Astana Taxi" бірегей қызметі "Қайырымды сапар" әлеуметтік акциясын бастады және жолаушыларды тегін тасымалдау үшін 11 автокөлік ұсынбақ, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жолаушыларға таксомотор компаниясының есебінен қызмет көрсетіледі. 

"Акция елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған. Жүргізушілер қаланы аралап, тоқтап, тегін жеткізіп тастауды өздері ұсынады. Акция барысында баласы бар жолаушылар мен жасы үлкен адамдарға артықшылық беріледі", - делінген "Astana Taxi" баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Акция 24-25 қаңтар аралығында сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады. Іс-шараға алты таксомотор компаниясы қатысады. 

"Акциямызға барлық кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтарды осындай қиын кезеңде қалыс қалмауға шақырамыз", - дейді такси қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети