Талас ауданы Ақкөл ауылына табиғи газ берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылына табиғи газ берілді. Жалпы 2 242 адам тұратын ауылдағы 411 аулаға көгілдір отын тартылды, яғни, ауылдық елді мекен толығымен табиғи газ игілігін көреді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылына табиғи газ берілді. Жалпы 2 242 адам тұратын ауылдағы 411 аулаға көгілдір отын тартылды, яғни, ауылдық елді мекен толығымен табиғи газ игілігін көреді.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымыздың тұрмыс-тіршілігін арттыруға баса назар аударып келеді. Бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі, Сіздер көптен күткен бүгінгі күн", - деді аймақ басшысы.

Аққөл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев тұрғындардың ризашылығын жеткізді.

Ағымдағы жыл басында аудандағы Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендері де газ жүйесіне қосылған.
Айта кетейік, Ақкөл ауылы Талас ауданындағы халық саны жағынан алдыңғы қатардағы ауылдардың бірі. 2021-2023 жылдары Ақкөл ауылында 20 көше жолы жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолдары (тротуар) ретке келтірілсе, бүгінде көше жарықтары орнатылуда.
Жалпы, облыс бойынша өткен жылы елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында 11,8 миллиард теңгеге 11 жоба іске асырылып (6 нысан 2024 жылға өтпелі), халықты газбен қамту үлесі 91,1 пайызға жетті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 11 елді мекенде тұратын 17 мың тұрғынды газбен қамту және көгілдір отынға қолжетімділікті 92 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Ал Талас ауданында Қаратау қаласы мен 23 ауылдық елді мекен болса, соның 18-і газдандырылған, яғни, 75 пайызды құрап отыр. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Tengrinews
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro