Талас ауданында биыл 9 көпбалалы аз қамтылған отбасы баспаналы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талас ауданында биыл 9 көпбалалы аз қамтылған отбасы баспаналы болды

"Асарлатып үй" салу жобасы өңірдегі қаншама баспанаға мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады. Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар игі іске қолдау танытып, демеушілік көмектерін көрсетуде.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Асарлатып үй" салу жобасы өңірдегі қаншама баспанаға мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады. Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар игі іске қолдау танытып, демеушілік көмектерін көрсетуде.

Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде Талас ауданында ел бірлігінің көрінісі саналатын қазақтың «Асар» дәстүрі қайта жаңғырып, игі бастама сәтімен жүзеге асырылып келеді. Жалпы, аудан көлемінде өткен жылы 8 үй берілсе, биыл 6 ауылдық округте және Қаратау қаласында барлығы 9 тұрғын үй мұқтаж жандарға табысталды.

Ағымдағы жылы берілген 9 үйдің 2-нің құрылысы жаңадан тұрғызылса, қалған 7 үй күрделі жөндеуден өткізілді.

Жыл басынан бері пайдалануға берілген баспаналарға жұмсалған қаражат – 20,0 млн теңгені құрады. Баспаналар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің, шаруа қожалық иелерінің ықпал етуімен бой көтеріп, көпбалалы, жалғыз басты аналарға табысталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети