17 қазан 2018 09:32

Талдықорған әкімінің жалақысы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев айына 476 580 теңге жалақы алады, бұл ең төменгі 17 жалақыға тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев айына 476 580 теңге жалақы алады, бұл ең төменгі 17 жалақыға тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2018 жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін облыс орталығының басшысы 2 839 294 теңге алған. Бұл мемлекеттік мерекелерге орай екі сыйлықақыны ескергендегі сома. Оның жалақысынан бюджетке 244 224 теңге аударылған.

Қала басшысы салықтың уақытылы төленуін қатаң бақылап отыратыны және салықтың барлық түрін мерзімінен кешіктермей төлейтіні анықталды. 

"Жалақының негізгі бөлігі отбасын керек-жарақпен қамтамасыз етуге жұмсалады: екі студент баласын тәрбиелеу, коммуналдық және басқа да шығындары бар", - делінген әкім Дастан Шалтабаевтың баспасөз қызметіндегілердің жауабында. 

Осыған дейін Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің айлық жалақысы қанша екенін айтқан еді. Ақмола облысы бойынша облыс орталық әкімінің айлық көрсеткіші 2018 жылы 451 627 теңге.

2018 жылы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айына 967 672 теңге алады. Кейін Павлодар қаласының әкімі қанша алатыны белгілі болды. Әнуар Көмпекеевтің мөлшерлемесі - 462 245 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети