Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында "Талдықорған аруы-2018" байқауының ақтық кезеңі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында "Талдықорған аруы-2018" байқауының ақтық кезеңі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жеңімпаздың тәжіне Жетісу мемлекеттік университетінің екінші курс студенті Жазира Әділбекқызы иеленді.
Байқаудың ақтық сынында іріктеуден өткен 14 қыз өз сұлулығын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтырғы байқауға қарағанда финалистерге биыл қатаң талаптар қойылған. Олар байқау барысында бес түрлі көйлек ауыстырған.
Жазира Әділбекқызы университеттің белсендісі, онда болған барлық дерлік қоғамдық іс-шараларға қатысқан. Жеңімпазды Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев құттықтады.
"Байқау бірнеше айға созылды, жеңімпазды әділ қазылар алқасы анықтады. Жазираға біздің қаламызды республикалық сұлулық байқауында лайықты көрсетуін тілеймін", - деді қала басшысы.