28 қаңтар 2015 | 16:09

Талдықорған қалың тұман астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғандағы тұман. ©Самал Абықанова Талдықорғандағы тұман. ©Самал Абықанова

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары Талдықорғанда қалың тұманның пайда болуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде қаланы басқан тұманның суреттері пайда болды.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары Талдықорғанда қалың тұманның пайда болуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде қаланы басқан тұманның суреттері пайда болды.

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші маманы Жұлдыз Исабекованың айтуынша, қазіргі уақытта Алматы облысында антициклон тұр. Жердің суық бетіне жылы ауа шығып, осыған байланысты тұман пайда болды. Алдағы күндерде Талдықорған мен Алматы облысының кейбір аудандарында осындай құбылыс сақталады, бірақ аздап сейіле бастайды. Алматыда елеусіз ғана тұман болады.

Алматы облысында түнде ауа температурасы 15-20 градус аяз, ал күндіз 7 градус нольден төмен болады. Осыған дейін Қазақстанда аязды күндердің 27-29 қаңтар аралығында да сақталатыны хабарланған еді. Өткен күндері түнде ауа температурасы 33-39 градус аязға дейін, ал Шығыс Қазақстанда кей жерлерде 41 градусқа, оңтүстік облыстарда 23-34 градус аязға дейін түскен еді. 

Еске сала кетейік, мұндай тұман өткен жыл қараша айының басында Астанада байқалған еді. Синоптиктер табиғи құбылысты ауаның көлденең бағытта қозғалуынан және онымен бірге температура мен ылғалды ауаның ауысуынан деп түсіндірген болатын. Яғни оңтүстік циклондар суық ауа массаларымен алмасты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети