29 қазан 2018 | 14:42

Талдықорған маңында қант қызылшасы тиелген жүк көліктерінің кептелісі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында қант қызылшасы тиелген жүк көліктерінің бірнеше шақырымға созылған кептелісі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны редакцияға оқырман жолдады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында қант қызылшасы тиелген жүк көліктерінің бірнеше шақырымға созылған кептелісі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны редакцияға оқырман жолдады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, видеодағы көліктер қант қызылшасын "Көксу қант зауытына" өткізу үшін кезекте тұр.

"Ондағы көліктер ірі ауқымды, онымен қоса тіркемелері тұр. Кем дегенде 15 метр. 250 көлікті бір қатарға қойып қойса, осындай болады. Зауыт Балпық би ауылында республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында орналасқан. Қант қызылшасының үлкен көлемде қабылданып жатқанын көргендер таңғалып, видеоға түсіріп жатыр. Біз мұны қазіргі уақытта қант қызылшасының жинап алынуымен түсіндіреміз", - деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, зауыт күнделікті 5-6 мың тонна қант қызылшасын қабылдайды. Бұл шамамен 250-300 жүк көлігі екен.

"Қант қызылшасы күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін қабылданады. Өнім көліктер зауыт аумағына кірген соң ғана қабылданады. (...)", - деді Жүкел.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети