Талдықорғанда 1300-ден аса үй мен пәтер заңсыз берілген - әкім

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда 1300-ден аса үй мен пәтер заңсыз берілген - әкім Фото:elements.envato.com

2015-2020 жылдар аралығында Талдықорған қаласында 1 014 тұрғын үй мен 330 пәтерді беру кезінде заң бұзылған. Бұл деректерді қала әкімі Әсет Масабаев журналистермен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015-2020 жылдар аралығында Талдықорған қаласында 1 014 тұрғын үй мен 330 пәтерді беру кезінде заң бұзылған. Бұл деректерді қала әкімі Әсет Масабаев журналистермен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлер баспана алғаны белгілі болды. Енді мәселені шешу үшін пәтерлерді тиісті құрылымдарға қызметтік пайдалануға беру ұсынылып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй беруде де заңбұзушылықтар анықталған. Қала әкімінің айтуынша, бұл санаттағы азаматтарға 700-ге жуық үй мен пәтер құжатсыз берілген. Бұл тізім бойынша архивтегі мәліметті салыстыру жүргізіліп жатыр.

Мәселені шешу үшін әкімдік "КЕЗЕКТЕ" порталын іске қосқан. Бұл сыбайлас жемқорлық дерегін болдырмауға мүмкіндік береді.

"Тұрғын үй бөліміне келетіндер саны көп. Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де бар, себебі кезекте тұрғандар мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен тікелей байланыста болады. Кезекте тұрғандардың 30 пайыздан астамы қайта тіркелмеген. Бұл ретте кезекте тұрғандардың көбі жеңілдігі барын растамаған. Тіпті бір рет кезекке тұрып, ұмытып кеткендер де бар. Қайта тіркелмеу кезектен шығаруға негіз емес екенін ескертемін. Сондықтан, мұқтаждығы жоқ тұлғаларды анықтау үшін "КЕЗЕКТЕ" порталын толық түгендеу қажет болды", - деді ол.

Осылайша, тексеру нәтижесінде 2054 азамат кезектен шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети