Талдықорғанда ашынған аналар алтын алқадан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ашынған аналар алтын алқадан бас тартты Видеодан алынған кадр

Алматы облысында аналар алтын алқаларынан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында аналар алтын алқаларынан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнадағылардың мәліметінше, марапаттың орнына баспана даулаған әйелдерді әкіммен кездесуге шақырып алған қоғамдық ұйым басшылары күтпеген жерден олардың өздерін жерден алып жерге салған. Кейбірінің некесіз бала тапқанын бетіне басқан. Осылайша, басшылар алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп айтқан.

Сол күні жиынның соңы жанжалға ұласқан.

"Көп отбасылы аналарға үй салу жайында қарап көреміз. Ал бүгінгі күні менің сіздерге беретін 150 шаршы метрлік үйім жоқ", - деген Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаев.

Телеарнадағылардың мәліметінше, дегенмен көпбалалы отбасыларға үй табылмаған Талдықорғанда баспана бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр екен. Бірақ тек әкімнің қарамағындағыларға ғана беріліп жатқан делінеді.

"Бұндай құрметтің керегі жоқ. Сайтында 130-шы боп тұрмын. Ал ХҚКО-ға барам 258-ші боп тұрсың дейді. Кейін өз қолдарымен түзеп берді", - дейді көпбалалы аналардың бірі Айнагүл Тоқпанбетова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети