Талдықорғанда "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында І орын алған "Жетісу тарландар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талдықорғанда "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында І орын алған "Жетісу тарландар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Салтанатты шара "Жастар" саябағында өтті, мұнда Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, туыстары мен жақындары қолдарына гүл алып, ұлттық оркестрмен "Жетісу тарландары" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін қарсы алып, құттықтады.
"Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны халықаралық деңгейде өтті. Оған республика өңірлерінен әскери-патриоттық клубтарынан, "Жас ұлан" республикалық әскери мектептерінен және Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінен 600-ден аса тәрбиеленуші қатысты. Жарыс оңай болған жоқ, бірақ өте қызықты өтті. Біздің жігіттер, бірлігі жарасқан командамыз қатарластарының арасында оқ бойы озық болды. Біз болашақта да келесі жарыстарға тыңғылықты дайындаламыз", - деді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыс басшысының орынбасары Қуандық Әділбеков.
Еске салайық, Қарағанды облысында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өткен болатын. Алматы облысының "Жетісу тарландары" командасы Республиканың 16 өңірінен қатысқан әскери-патриоттық клубтарының ішінде бірінші орын алды. Әрбір қатысушы дипломмен, медальмен және құнды сыйлықтармен марапатталды.