Талдықорғанда автобус жүргізушілері ереуілге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда автобус жүргізушілері ереуілге шықты © КТК

Талдықорғанда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Соның салдарынан кеше 11 бағыт бойынша жүретін 71 автобус жолаушыларға қызмет көрсеткен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Соның салдарынан кеше 11 бағыт бойынша жүретін 71 автобус жолаушыларға қызмет көрсеткен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жүргізушілердің бұлай наразылық білдіруіне төрт айдан бері жалақы көрмеуі себеп. Жолаушы тасымалымен айналысатын екі компанияның қызметкерлері жалақысын бұған дейін де талап еткен. Алайда басшылары құрғақ уәдемен уақыт созып келіпті. Телеарна тілшісінің мәліметінше, еңбекақыдан қағылған 100-ге тарта жүргізуші қазір қарызға белшесінен батқан. Ал әкімдіктегілер жұмысшыларын ақшасыз қалдырған қос серіктестік алдында берешегіміз жоқ деп сендірді. Сондықтан мәселенің неден туындағанын түсінбей дал.

"Екі кәсіпорынның жүргізушілері алдындағы берешегі Талдықорған қаласының әкімдіге түсініксіз себептермен пайда болды. Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасы, Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілдерінің және екі кәсіпорын басшылығы қатысқан кеңес өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қызметін тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды", - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы. 

Дереккөз: КТК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети