Талдықорғанда екі әйел босанғаннан кейін қайтыс болған: тергеу барысы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда екі әйел босанғаннан кейін қайтыс болған: тергеу барысы айтылды Фото:depositphotos.com

Талдықорғандағы перзентханада босанған екі әйелдің өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғандағы перзентханада босанған екі әйелдің өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін редакциямызға Талдықорғандағы перзентханада әпкесі жұмбақ жағдайда қайтыс болған қыз хабарласқан болатын. Кейінірек Талдықорғандағы дәл осы перзентханада босанған тағы бір әйел қайтыс болғаны белгілі болды.

Жетісу облысының Полиция департаменті мен прокуратурасы Облыстық перинаталдық орталықта босанған әйелдердің өліміне қатысты екі деректі де растап отыр.

"Талдықорған Полиция басқармасы А. А. Аштаеваның қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция басқармасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын сақтай отырып, соталды тергеу жүргізіп жатыр және тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданды. Екінші босанған әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша да Талдықорған полициясы соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта патологиялық-анатомиялық зерттеу нәтижелері дайын емес", - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жарияланайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети