Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды polisia.kz

Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған қойманы анықтады.

Polisia.kz

"Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды", - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Polisia.kz

Қару-жарақ тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети