Талдықорғанда кәсіпкермен төбелескен әкімнің орынбасары өз еркімен жұмыстан кетті

25 Қыркүйек 2017, 13:03
0
Талдықорғанда кәсіпкермен төбелескен әкімнің орынбасары өз еркімен жұмыстан кетті - Асқар Тутубаев.
Асқар Тутубаев.

Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап.

Асқар Тутубаев жұмыстан кету туралы өтінішті 14 қыркүйекте жазған. 15 қыркүйекте оның өтініші қанағаттандырылған. Енді Асқар Тутубаев мемлекеттік қызметкер емес.

Экс-шенеунік қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаевтың төбелес шығарғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, кейінірек Талдықорғанда төбелес шығарған шенеунік тағы бір даулы роликтің кейіпкері болғаны айтылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай