25 қараша 2023 | 17:50

Талдықорғанда көлікті мас күйде айдап, жүктімін деп алдаған қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

Талдықорғанда көлікті мас күйде айдап, жүктімін деп алдаған қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда көлікті мас күйде айдап, жүктімін деп алдаған қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны сотқа жүктілігі туралы жалған медициналық анықтаманы ұсынған. Осылайша, бойжеткен әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында көзделген жазадан құтылмақ болған. Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды.

Айта кетейік, жақында патрульдік полиция қызметкерлері қатты мас күйінде Haval көлігін басқарған 24 жастағы қызды ұстаған. Медициналық сараптама қыздың мас болғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған. Алайда сотта ол қамауға алу түріндегі жазадан құтылу мақсатында жүктілігін растайтын медициналық анықтаманы ұсынды.

Әкімшілік жазадан жалтару әрекеті қыздың жағдайын одан әрі қиындатып жіберді, енді ол қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол бап бойынша аса ірі көлемдегі айыппұл салу, түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмысқа тарту, немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети