Талдықорғанда құрылыс алаңында шетелдік ер адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда құрылыс алаңында шетелдік ер адам қаза тапты Фото: pixabay.com

Талдықорғанда құрылыс алаңында шетелдік ер адам қаза тапты. Полиция қызметкердің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда құрылыс алаңында шетелдік ер адам қаза тапты. Полиция қызметкердің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қарашада құрылыс нысандарының бірінде болған.

"24 жастағы жігіт салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап кетіп, қаза болды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети