Талдықорғанда мектеп оқушылары атыс қаруын тауып алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда мектеп оқушылары атыс қаруын тауып алған Фото:polisia.kz

Талдықорғанда оқушылар жұмысы тоқтап тұрған зауыт маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алды - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда оқушылар жұмысы тоқтап тұрған зауыт маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алды - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Талдықорған қаласының мектеп оқушылары зауыт маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 ПМ (Макаров тапаншасы) және 30-дан аса патрон тәркіледі. Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді. Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады", - делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары балалардың ата-аналарына алғыс білдірді.

"Облыс полицейлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекетінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Бұл ретте адамды қамауға алу кезінде, сонымен қатар оларға анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған қару "өз еркімен тапсыру" деп танылмайтынын ескеретеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети