Талдықорғанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды Видеодан алынған кадр

Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

"Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети