Талдықорғанда мыңнан аса пәтер заңсыз берілген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен Фото Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Талдықорғанда 1062 пәтер заң бұзушылықпен берілген. Оның ішінде 680 пәтерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар алса, тағы 383-і мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге берілген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда 1062 пәтер заң бұзушылықпен берілген. Оның ішінде 680 пәтерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар алса, тағы 383-і мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге берілген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған әкімінің айтуынша, тексеру барысында көп балалы аналар өздерінің пәтері бола тұра мемлекеттен пәтер алғаны анықталды. 

"2013 жылдан бері бөлу процесі тиісті тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізбей, шешім шығармай, тек жалға беру шарттарын беру бойынша жүргізіліп келеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына қайшы. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр, жарты жыл бойы біз басқа да деректерді анықтап, заңсыз алынған пәтерлерді қайтарамыз", - деді Әсет Масабаев.

Әкім сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен "Отбасы банкіне" барлық заң бұзушылықтар бойынша кешенді тексеру жүргізу үшін тиісті хаттар жолданғанын атап өтті. Заңсыз алынған пәтерлер ондаған жылдар бойы баспана кезегінде тұрғандар арасында үлестіріледі.

Қазіргі уақытта заң бұзушылықпен берілген 37 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта кетейік, Талдықорғанда 15 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro