25 желтоқсан 2019 16:34

Талдықорғанда офицер өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда офицер-әскери қызметкер өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қорғаныс министрлігінің өкілдері растады. 


Талдықорғанда офицер-әскери қызметкер өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қорғаныс министрлігінің өкілдері растады. 

Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, ер адамның денесі 24 желтоқсанда қаланың шағын аудандарының бірінен табылған. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды. Сонымен қатар, ведомство өкілдері қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Осыған дейін, Instagram желісіндегі angry_taldyk парақшасында Талдықорған қаласында майор өлтірілгені туралы айтылды. Ол Талдықорған қаласындағы № 48386 әскери бөлімінің техникалық бөлім командирінің орынбасары болып қызмет еткен. Сондай-ақ, жазба авторы 24 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында Қаратал шағын ауданындағы өз үйінің жанында ер адамға белгісіз қарудан оқ атылғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

Алматы облыстық полиция департаменті осы іске қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

"Жергілікті әскери бөлімдердің бірінің 36 жастағы әскери қызметшісін өлтіруді ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралар жүргізіліп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Полицияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жедел-тергеу тобы осы қылмысты ашу бойынша шаралар қабылдайды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды", - деді ведомство өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети