Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот басталды Фото ©️ Tengrinews.kz

Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Процесс Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді. Айыпталушылар орындығында тоғыз адам бар. Олардың бірі кәмелетке толмаған.

Бүгін судья Ержан Жанұзақов процестің ашық немесе жабық болатынын шешетін, сондай-ақ, тараптардың өтініштерін қарайтын алдын ала сот процесі жүріп жатыр.

Сот ғимараты маңынан көптеген полиция қызметкерін байқауға болады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети