Талдықорғанда үш жасар баланы өлтірді деген бала күтуші сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда үш жасар баланы өлтірді деген бала күтуші сотталды Фото: 24.kz

Талдықорғанда үш жасар баланы өлтірген бала күтушіге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда үш жасар баланы өлтірген бала күтушіге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, оқиға былтыр күзде Жетісу облысында болған еді. Үш жасар бала бір жасар інісімен бала күтушінің қарауында болған. Балалардың анасының сөзінше, 12 қыркүйекте бала күтуші хабарласып, баланың жағдайы нашарлап кеткенін айтқан.

Бала ауруханаға жеткізіліп, жан тапсырған. Дәрігерлер баланың денесінде сау жері болмағанын, бас жарақатын анықтаған.

Тергеу барысында бала бірнеше рет соққыға жығылғаны анықталған.

Облыс сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, себебі істің мән-жайы жария етілмейді.

"Соттылықтың болмауы, шын жүректен өкіну, жәбірленушіні кешіру және кінәні ауырлататын мән-жайлардың болмауы секілді кінәні жеңілдететін жағдайларды ескере отырып сот сотталушыға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сот үкімінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети