Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелердің атауы өзгермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелердің атауы өзгермек Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелер жаңа атауға ие болады. Мұндай шешім мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелер жаңа атауға ие болады. Мұндай шешім мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша Талдықорғаннің бұрын сандармен белгіленген шағынаудандары жаңа атауға ие болады.

Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ №9 шағынауданға "Құлагер" атауы беріледі.
Талдықорғанның оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ №10 шағынауданға "Әл-Фараби" атауы берілмек.

Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ даңғылға Жолбарыс би даңғылы атауы берілмек. Сондай-ақ, Ворошилов көшесі "Нұрғиса Тілендиев" көшесі болып, Невский көшесі "Абдулхак Абдулхалықов" көшесі болып өзгермек.

Сонымен қатар, "Шайқорған" тұрғын алабындағы көшелерге жаңа атау беріледі:

- №17 көше – "Ақберген" көшесі;
- №18 көше – "Қарасу" көшесі;
- №19 көше – Атамұра көшесі;
- №20 көше – Арман көшесі;
- №22 көше – "Ақтор" көшесі;
- №23 көше – "Дидар" көшесі;
- №24 көше – "Бұлбұл" көшесі.

"Балауса" тұрғын алабында:

- № 1 көше – "Жартас" көшесі;
- № 2 көше – "Жайық" көшесі;
- № 3 көше – "Созақ" көшесі;
- № 6 көше – Арал көшесі;
- № 7 көше – "Сауран" көшесі;
- № 14 көше – "Несібелі" көшесі;
- № 15 көше – "Жанкент" көшесі.

Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы бір ауылдың атауы өзгертілсе, Жыланды ауылдық округіндегі Әшім ауылы Төңкеріс атауын алады. Панфилов ауданындағы Талдын ауылдық округіне қарасты Лесновка ауылы енді Талды деп аталмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети