10 қаңтар 2023 | 09:24

Талдықорғандағы мектеп оқушыларының төбелесі жұртты шошытты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Талдықорғандағы мектеп оқушыларының бір қызға қысым көрсеткен видеосы тарап жатыр. Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Талдықорғандағы мектеп оқушыларының бір қызға қысым көрсеткен видеосы тарап жатыр. Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода шамамен мектеп оқушылары бір бөлмеде жиналғанын көруге болады. Видеодағы қыздардың бірі телефонмен сөйлесіп болғаннан кейін қасындағы қыз аяусыз ұра бастайды.

Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, видео 9 қаңтарда Талдықорғандағы Самал ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Оқиғаға қатысты барлық адам анықталған.

"Бәрі кәмелетке толмаған, облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы мектептерде білім алады. Жанжалдың себебі анықталып жатыр. Жәбірленуші қыз ресми өкілі әжесімен бірге арыз жазудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, ӘҚБтК-нің 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Бұдан басқа, қол қойған күдіктілерге арналған материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына жіберілді", - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети