20 қараша 2020 | 10:03

Талдықорғандық 32 отбасы далада қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АstanaTV © АstanaTV

Талдықорғандағы 32 отбасы далада қалуы әбден мүмкін. Өйткені олар тұратын көпқабатты үйдің қабырғасы бүлініп, сылағы құлап жатыр. Көненің көзі болған екіқабатты 4 баспананы әкімдік мамандары "тұруға жарамсыз" деп таныған. АstanaTV арнасына көрермен хабарласып, содан бері 4 жыл өткенін айтқан. 


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғандағы 32 отбасы далада қалуы әбден мүмкін. Өйткені олар тұратын көпқабатты үйдің қабырғасы бүлініп, сылағы құлап жатыр. Көненің көзі болған екіқабатты 4 баспананы әкімдік мамандары "тұруға жарамсыз" деп таныған. АstanaTV арнасына көрермен хабарласып, содан бері 4 жыл өткенін айтқан. 

"Жаңбыр қар жауғанда төбеден су ағады, үйге дейін ағады. Подъездің бәрі су. Төбелер опырылып құлап жатыр. Өте қауіпті. Өзімізше жөндеу жұмысын жасайық десек те бәрі үгітіліп жатыр. Ешқандай жөндеуге келмейді. Төбеден су аққанда дымқыл. Балалар жиі ауырады", - дейді Талдықорған тұрғыны Нәзира Мырзахметова.

Тележүргізуші Әділет Рахымбай хабарласқан тұрғынның өтініші бойынша талдықорғандық атқамінерлерге хабарласқанын айтты.

"Өздеріңіз бұл баспаналарды апатты депсіздер. Содан бері 5 жылға жуықтапты. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге не кедергі болып тұр сонда?", - деп сұрады журналист.

"Қазіргі таңда қала бойынша бізде апаттық үйлер, расымен де Кивилева көшесінде 4 үйіміз бар. Ол үйлеріміз 8 пәтерлі. 32 пәтер. 32-нің қазіргі таңда 25 пәтерінде ғана құқық қорғайтын құжаттамалары бар. Қалған пәтер иелерінде ондай құжаттар жоқ. Біз оларды ведомство аралық комиссия арқылы апаттық деп таныдық. Әрі қарай шара қолданайық десек, сол кісілерге біз қанша жыл қатарынан түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Олар жаңа құжаттарын сот арқылы рәсімдеуі керек. Ол кісілер бәрін жақсы біледі. Бірақ ол жұмысты өздері жасамайды. Себебі бұл олардың өздерінің жеке мүлкі. Оны мемлекеттік мекемелер немесе жергілікті атқарушы органға жеке мүлкі үшін сотқа арыздануы тиіс", - деді қалалық Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сержан Құрманбаев.

Әрі қарай диалог былай өрбіді: 

- Жақсы. Ол құжаттарды рәсімдеген соң, тұрғындар бірден жаңа үйге көше ме? Әлде тағы күтуі керек пе?

- Жоқ ол жерде Тұрғын үй қатынастарының 28-бабы бойынша біз ол кісілерді сотқа береміз. Соттан кейін оларға бюджеттік өтінімдер әзірленеді де, ол расталғаннан кейін мемлекет атынан  тең бағалы тұрғын үй сатып алынады.

- Тоқ етерін айтыңызшы. Тұрғындар нақты қашан қауіпсіз баспанаға ие болады?

- Толығымен үйдің құжаттарын рәсемдегеннен кейін. 32 пәтердің 100 пайызы рәсемделгеннен кейін мемлекет тарапынан әрі қарай жұмыстар жасалынады. Көмек көрсетіледі.

- Қорықпайсыздар ма? Құжат дайындап жүргенде шаңырағы ортасына түсіп, адамдар зардап шегеді деп. Ол кезде кім жауап береді?

- Ол бойыншы енді қорқыныш бар. 5 жыл қатарынан тұрғындарға толығымен бәрін көмектесіп, қандай құжаттар жинау қажет екені бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Алайда тұрғындар өздері қимылдағысы келмейді. Ол кісілерге мемелкет дайындап беру керек деп ойлайды ғой деймін. Бірақ бұл олай жасалмайды. Ол кісілер өздері сотқа арыз беруі керек. Біз заңгерлермен кеңес беру арқылы бәрін түсіндіргенбіз. Мен қаншама рет барып түсіндіргенмін.

- Жақсы, рақмет сұхбатыңызға! Бұл мәселе сөз жүзінде қалмайды деп сенейік.

Телеарна апатты үйдегілердің проблемасын өз бақылауына алатынын мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети