Талдықорғанның басы дауға қалған бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанның басы дауға қалған бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Талдықорғанның бұрынғы әкімі Дастан Балтабаев Алматы облысы әкімдігінің құрылымында жаңа лауазымға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанның бұрынғы әкімі Дастан Балтабаев Алматы облысы әкімдігінің құрылымында жаңа лауазымға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Шалтабаев бүгіннен бастап Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалған. Ол әр жылдары өңірдің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2022 жылғы тамыздан бастап Жетісу облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

Дастан Шалабаев қазақстандықтар арасында 2019 жылғы наурызда болған жанжалға байланысты белгілі. Сол кезде полицейлер Талдықорғанның экс-әкімі ұлының 055 QQQ мемлекеттік нөмірі бар Toyota Camry көлігін тоқтатқан еді. Ал көлікті Шалтабаевтың ұлының досы тізгіндеген болатын.

Полицейлер жүксалғышты тінту кезінде патроны бар "Байкал" травматикалық тапаншасын, басқа көліктерге тіркелген екі жұп мемлекеттік нөмірді, бір рация, айналымға түспейтін, номиналы 100 доллар болатын купюраларды анықтаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети