Талдықорғанда 200 миллион теңгеге орнатылған қоқыс жәшіктеріне қатысты дау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда 200 миллион теңгеге орнатылған қоқыс жәшіктеріне қатысты дау шықты

Талдықорғанда былтыр наурызда 200 миллион теңгеге орнатылған еуропалық үлгідегі қоқыс контейнерлері жарамсыз болып тұр, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда былтыр наурызда 200 миллион теңгеге орнатылған еуропалық үлгідегі қоқыс контейнерлері жарамсыз болып тұр, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Бүгінде қаладағы 300-ге жуық қоқыс жәшігі құр қаңсып қалған екен. Маңы тазаланбай, жан-жағын кеміргіщтер жайлап алыпты.  

Телеарнаның ақпараты бойынша, контейнерлер осы уақытқа дейін әлі қолданысқа берілмеген. Бірақ тұрғындар жәшікті қоқысқа толтырып, енді жан-жағын қалдықтармен үйіп тастаған. Қазір бұл маңда қоқыс иісі қолқаны қабады. Жақын маңда тұратын күн ыстықта терезе аша алмайды екен. 

"Тазалауға техника жоқ болса, мұндай контейнерлер не керек? Керегі жоқ. Сасып жатыр босқадан-босқа", - дейді қала тұрғыны Секен Тұрсынбаев.

Тұрғындардың айтуынша, қоқысты жинап жатқан ешкім жоқ. 

"Ешкім оны келіп алмайды. Жинамайды. Жан-жағына тастап кетеді. Жан-жағына тастағанды қоқыс жинайтын әйелдер алады да, машинаға салады. Қоқыс жинайтын машина бар ғой. Соған қолмен тиейді", - дейді тағы бір тұрғын Зоя Шалтаева.

Жалпы, Талдықорған бойынша, 135 аулаға дәл осындай 270 контейнер орнатылған. Алайда, оның тең жартысы ғана тазаланады. Оған бар-жоғы арнайы 4 техника қызмет көрсетеді. Ал, қалған жәшіктер қаңырап бос тұр. Пайдалану үшін келісім-шарт жасалуы керек екен.

"Толып кетіп жатыр. Уақытылы алынбайды дегендей біраз өзекті мәселелер бар. Яғни, пәтер иелерінің кооперативі біздегі Тұрғын үй қызметі мердігер мекемесіне келіп, құжаттарға қол қойып, келісім-шартқа отыруы керек. Содан кейін келісім-шартқа сәйкес, жұмыстарын атқара береді", - дейді Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейір Нұрғалиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети