Талдықорғанда әскери-патриоттық жарыс жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда әскери-патриоттық жарыс жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Талдықорғанда "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында І орын алған "Жетісу тарландар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында І орын алған "Жетісу тарландар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты шара "Жастар" саябағында өтті, мұнда Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, туыстары мен жақындары қолдарына гүл алып, ұлттық оркестрмен "Жетісу тарландары" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін қарсы алып, құттықтады.  

"Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны халықаралық деңгейде өтті. Оған республика өңірлерінен әскери-патриоттық клубтарынан, "Жас ұлан" республикалық әскери мектептерінен және Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінен 600-ден аса тәрбиеленуші қатысты. Жарыс оңай болған жоқ, бірақ өте қызықты өтті. Біздің жігіттер, бірлігі жарасқан командамыз қатарластарының арасында оқ бойы озық болды. Біз болашақта да келесі жарыстарға тыңғылықты дайындаламыз", - деді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыс басшысының орынбасары Қуандық Әділбеков. 

Еске салайық, Қарағанды облысында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өткен болатын. Алматы облысының "Жетісу тарландары" командасы Республиканың 16 өңірінен қатысқан әскери-патриоттық клубтарының ішінде бірінші орын алды. Әрбір қатысушы дипломмен, медальмен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети