Талдықорғанда "Жаяу жүргінші" жедел алдын алу шаралары өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда "Жаяу жүргінші" жедел алдын алу шаралары өтіп жатыр Шынғысхан Сабуров.

Жол көлік апатын төмендетуге бағытталған түрлі алдын алу шаралары Талдықорғанда қарқынды түрде жүріп жатыр. Оған ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы және облыстық жол-патрульдық полиция инспекторлары ат салысып жатыр. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің қатысуымен облыста 382 факт орын алды. Оның өсу көрсеткіші сегіз ауданда және Талдықорған қаласында байқалуда. Мәселен, 7 айда жаяу жүргіншілердің жапа шегуі 22,2 пайызға өсіп, түрлі жарақат алу бойынша 38 дерек тіркелді. Көбінесе ЖКО-ның себебі жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігінен және жол жүру ережесін сақтамауынан туындайды.

"Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің 2222 жол қозғалысы ережесін сақтамау белгілері орын алды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерді өткізбегендігі үшін 3995 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл біздің қызметкерлердің жүргізген мониторинг барысында анықталған. Жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің өзара сыйластығы жол көлік оқиғасы қаупін төмендетіндігін ескеруіміз қажет. Және облыс тұрғындарына жол ережесін қатаң сақтауға, бекітілген орындардан ғана жолды өтуге шақырамыз", - деді облыстық ІІД полиция полковнигі, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Шынғысхан Сабуров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети