Талғар ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Ашық НҚА" порталында Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ашық НҚА" порталында Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат дүйсенбі, 8 шілдеде жарияланды. Оны талқылау бүгін, 9 шілдеде аяқталды.

Алматы облысының әкімдігі Tengrinews.kz тілшісіне берген түсіндірме бойынша, бұл шешім морена көлін босату бойынша алдын алу шараларды жүзеге асыруға байланысты. Төтенше жағдай бүгін ресми түрде енгізілген.

Дәл осы себепті аудан әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

"Бұл шешім Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл іс-шаралар Талғар, Кендала, Ақтас елді мекендерінің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Оқиға орнында Талғар ауданы әкімдігінің, төтенше жағдайлар бөлімі мен "Қазселденқорғау" мекемесінің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Билік азаматтардан қойылған шектеулерді сақтауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети