Талғар ауданының тұрғыны салық төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Талғар ауданының тұрғыны 589 мың теңге салық төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талғар ауданының тұрғыны 589 мың теңге салық төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

Ведомстводағылардың мәліметінше, 2017 жылдың басынан бері әйел 589 мың теңге көлемінде салық төлемеген. Мемлекеттік кіріс органдары қабылдаған шараларға қарамастан, ол қарызын төлеуге асықпаған. Сол жылдың тамызында Талғар аудандық соты салық төлету үшін істі сот орындаушысына жіберген. 

"Алайда азаматша сот бұйрығын, сондай-ақ жеке сот орындаушысының заңды талаптарын орындауға асықпады. Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін алта ай өтсе де нәтиже болмады. Осы факт бойынша Талғар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы прокуратурамен бірге және жеке сот орындаушысы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішін жазды", - деді Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері. 

Талғар аудандық сотының қаулысына сәйкес, әйел кінәлі деп табылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Әрине, бұл ең шектік шара, ол салық мiндеттемелерiн орындаудан бас тартқан адамдарға қолданылады. Талғар ауданы бойынша осындай тағы екi қылмыстық iс қозғалды. Салық мiндеттемелерiн орындау - Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті", - деп еске салды ведомстводағылар.

Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы, сотқа жеткізбей-ақ орындауды сұрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro