Талғар өзеніндегі бөгет селді ұстап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар өзеніндегі бөгет селді ұстап қалды ©Tengrinews.kz

Алматы облысында Талғар өзеніндегі селден қорғайтын бөгет сел ағынын ұстап қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Талғар өзеніндегі селден қорғайтын бөгет сел ағынын ұстап қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 13.50-де Іле Алатауындағы жаңбырдан Талғар өзені деңгейінің секундына 27 текше метрге дейін көтерілуіне әкелген сел жүрді. Сел тасқынын Талғар өзеніндегі селден қорғайтын бөгет ұстап қалды. Бөгетке зақым келген жоқ, оның бұзылу қаупі жоқ. Жағдай ведомствоның қарауында", - деп жазылған хабарламада.

"Спутник" лагерінен эвакуацияланған 515 адам негізгі корпусқа оралды. Талғар ауданының халқын құлақтандыруға екі техника мен 30 адам жұмылдырылды. Олардың ішінде Талғардағы № 2 мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімі, Талғар ауданындағы ІІБ 12 экипажы, "Қазселденқорғау" ММ алты қызметкері бар. Хабарландыру жұмысы дабылды құрылғысы арқылы жүргізілді.

Осыған дейін Талғар өзенінің жоғарғы жағында тұратын адамдарды эвакуациялау басталғаны хабарланған болатын. Өзеннің гидропосттан төменгі ағысында шығын секундына 27 текше метр болды. Айта кетейік, қауіпті шығын - секундына 45 текше метр. 

Сонымен қатар, тұрғындарға гидрологиялық иммараттан су тасқыны болатыны жөнінде SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр. "25.07.2015ж. Алматы обл., Талғар аңғарында жаңбырлы сел болу қаупі бар", - деп жазылған хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети