Талғар тұрғындары биліктен Талғар өзені бойындағы барлық карьерді тез арада жауып, өзен арнасын ретке келтіруді сұрады. Тұрғындар бірнеше жыл құм мен қиыршық тасты өндіруде жұмысшылардың жағалауды бүлдіріп, ағаштарды кескеніне шағымданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Талғар тұрғындары биліктен Талғар өзені бойындағы барлық карьерді тез арада жауып, өзен арнасын ретке келтіруді сұрады. Тұрғындар бірнеше жыл құм мен қиыршық тасты өндіруде жұмысшылардың жағалауды бүлдіріп, ағаштарды кескеніне шағымданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар үйлерінің кез келген сәтте үлкен шұңқырға түсіп кетуі мүмкін деп қорқады. Әр апта сайын адамдар карьерге жиналып, өзен жағасын тексереді. Белсенділер мемлекет басшысына және облыстық прокуратураға шағым түсірді.
"Олар қазып жатыр, биіктігі 30-40 метр, көрдіңіз бе? Су шайып, жағалауды бұзады. Халық жақын жерде тұрады. Олар қайда барады? Үйлеріне оларға кім көмектеседі? Шаң, шу. Олар тәулік бойы жұмыс істейді, меніңше, олардың бұлай жұмыс жасауға құқығы жоқ. Су ағып, жағалау құлап жатыр", - дейді жергілікті тұрғын Любовь Банникова.
Адамдар бірнеше жыл бойы карьермен күресті. Әзірге еш нәтиже жоқ. Ашулы тұрғындар кейінгі жылдары жұмысшылар Талғар өзені маңындағы аумақты толықтай қиратты дейді. Сонымен қатар, олар өздерінің қоқыстары мен тастарды тастап кетті.
"2015 жылы жағалаулар күшейтілді. Салыстырмалы түрде жақында ғана. 2015 жылы әкімдік қызметкерлерінің ескертуі бойынша шамамен 600 миллион теңге, 2018-2019 жылдары шамамен 300 миллион бөлінді. Бұл - өзімнің естігенім. Ал кейінгі алты жылда шамамен бір миллиард теңге бөлінді. Жер қойнауын пайдаланушылар жағалауларды нығайтуға бюджеттен осындай қаражат бөлу үшін салық төлей ме?" - деп сұрады белсенді Айман Жарылқасынова.
Қазір қанша кәсіпорын карьерді игеріп, одан құм мен қиыршық тасты шығарып жатыр, ешкім нақты білмейді. Жергілікті әкімшілікте оларға үнемі әртүрлі сандар айтылады.
Шенеуніктердің айтуынша, қазір аймақта Талғар карьерлеріне қызығады. Бұл жерге арнайы комиссия келіп кетті.
"Талғар өзені бойында екі карьер жұмыс істеді, олардың біреуі қазір жабық. Екінші объекті бойынша комиссия жұмыс істеді, экология департаментінің өкілдері, СЭС, жер инспекциясы келді. Біз тұрғындармен кездестік, онда сарапшылар ешқандай заң бұзушылық анықтамады, бәрі өз деңгейінде болды. Бірақ біз соңғы шешімді күтеміз, содан кейін ғана шаралар қабылданады", - деді Талғар облысы әкімінің орынбасары Ермек Толқынов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!