Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шықты видео кадры

Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 10 қарашада өткен сотта Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты. Ол өзін Шерзат Болат ісі төңірегіндегі резонанс пен "Әлімовтің жалған айғақтары" үшін соттап жатқанын мәлімдеді.

Істің мән-жайы

Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен қатар тағы бес адам айыпталушылар қатарында отыр. Істе екі жәбірленуші бар — ММА файтері және жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети