Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Процесс Талғар аудандық сотында өтіп жатыр. Істі судья Айнагүл Түкібаева қарап жатыр. Айыпталушылар орындығында Хасан Қасымбаевтан бөлек тағы бес адам бар. Процесс мемлекеттік тілде ашық түрде өтіп жатыр.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Ғимараттың алдында полицияның қызметтік көліктері, жедел жәрдем және өрт сөндіру техникасы тұр.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Еске салайық, Талғар тұрғындары "Хутор бригадасының" басшысы деп атайтын Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 5 қарашасында қамауға алынған еді. Полиция дерегінше, Қасымбаев 2021 жылдың маусымында Талғарда ММА жаттықтырушысын топ болып ұрлау және соққыға жығу оқиғасына қатысы болуы мүмкін.
Хасан Қасымбаевқа тағылған айыптар
Бұған дейін оған адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және қорқытып алу фактілері бойынша тергеу басталған.
Жәбірленушілердің бірі – Әлішер Алишевтің адвокатының айтуынша, оған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару бабы бойынша айып тағылмаған. Сондай-ақ бұған дейін Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленуші пайда болғаны хабарланған.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың (Полат) резонансты өліміне байланысты да аталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!