20 қыркүйек 2023 | 14:03

Талғарда соққыға жығылған дәрігерлердің оқиғасы: қайтыс болған науқас туралы не белгілі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Талғардағы ауруханада ұлдары дәрігерлерді соққыға жыққан марқұм науқасқа қатысты толық мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Талғардағы ауруханада ұлдары дәрігерлерді соққыға жыққан марқұм науқасқа қатысты толық мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар орталық аудандық ауруханасы мәліметінше, 64 жастағы ер адам жүрек талмасымен ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы өте ауыр болған.

"Науқас коронарлық патологияға және кардиогенді шокқа байланысты өте ауыр жағдайда түсті. Есінен танып қалған, сұрақтарға жауап бермеді. Туыстарының айтуынша, ауру белгілері оны үш күн бойы мазалаған. Дәрігерге жүгінбеген. Ангинальды ауырсыну күшейгеннен кейін жедел жәрдем шақырған", - деп хабарлады аурухана өкілдері.

Науқасты құрамында кезекші терапевт, невропатолог, реаниматолог бар көпсалалы дәрігерлер бригадасы қарады. Төтенше манипуляциялар, өкінішке қарай, нәтиже бермеді.

"Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде сағат 04:50-де жүрек соғысы тоқтап, 30 минут бойына реанимациялық шаралар жүргізіліп, сағат 05:20-да науқастың биологиялық өлімі анықталды", - делінген хабарламада.

Ауруханадағылар мәйітті туыстарына неге бірден бермегендерін де түсіндірді.

"Ауруханаларда мынадай ереже бар: егер науқас екі сағат ішінде қайтыс болса, біз оның өлімінің себебін анықтау үшін оны полиция бөліміне тапсыруға міндеттіміз. Бұл туралы туыстарына хабарлағанда, олар ашуланды. Олар біз бір нәрсені жасырмақ деп күдіктенді. Бірақ ереже бар, заң бар. Егер науқас алғашқы екі сағат ішінде қайтыс болса, оның себебін анықтауға міндеттіміз", - деп түсіндірді ауруханадағылар.

Аурухана дәрігерлер науқасқа барлық тиісті реанимациялық шараларды қабылдағанына сендірді.

"Біз олардан таңғы 8-ге дейін бір сағат күтулерін сұрадық. Осы уақытта қызметкерлер келіп, барлық құжаттарды толтырады. Бірақ туыстары жансақтау бөлімінің есігін бұзып, жақында соқыр ішекке ота жасалған реаниматолог-анестезиолог пен дәрігерді ұрып-соға бастады. Сөйтіп, оны тігіс салынған жерінен тепкілеген, мұрнын сындырып, миы шайқалған", — дейді Талғар орталық аудандық ауруханасы өкілдері.

Таяқ жеген реанимациялық дәрігер 27 жаста. Ер адамның жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

21 жастағы дәрігерде жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, сол жақта самай аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған.

Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерін соққыға жыққан екі күдіктіні ұстағаны хабарланған боолатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети