19 тамыз 2022 | 12:12

Талғардағы 3 миллиард теңгенің жаңа мектебі: шенеуніктер пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/ kris_p_talgar Фото: instagram/ kris_p_talgar

Алматы облысы Талғар ауданының шенеуніктері үш миллиард теңгеге салынған жаңа мектептің жай-күйін айтты. Мектеп әлеуметтік желідегі жазбадан кейін көпшіліктің назарына іліккен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Talgargazeti.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Талғар ауданының шенеуніктері үш миллиард теңгеге салынған жаңа мектептің жай-күйін айтты. Мектеп әлеуметтік желідегі жазбадан кейін көпшіліктің назарына іліккен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Talgargazeti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа білім беру мекемесі "№25 мектеп-гимназия" деп аталмақ. Оның құрылысына тапсырыс беруші Талғар ауданының әкімдігі емес, Алматы облысының Құрылыс басқармасы болып шықты. Мектеп мемлекеттік органдардың теңгерімінде емес екені айтылды: тапсырыс беруші оны облыстық Білім басқармасына береді.

"Құрылысты облыс басшылығы бақылады. Нысан Талғар ауданы аумағында орналасқандықтан, аудан әкімі қатар бақылау жүргізді. Ол құрылысқа қатысты, бірақ аудан тапсырыс беруші ретінде әрекет етпеді. Сондықтан, мектеп құрылысының қаржысына аудан әкімдігі араласты деген пікір қате. Басылымда жарияланған суреттер бір бөлмеде әртүрлі ракурстан түсірілген. Бірақ бүкіл мектеп бұзылып жатқандай жазған. Бұл олай емес", - дейді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Сәдуақасова.

Оның айтуынша, 10 тамызда бірінші қабатта ұлдар шешінетін бөлменің жуынатын бөлімінде құбыр жарылған. Тұрақты жұмыс істемегендіктен, тұрмыстық және ауыз су құбырларының бұрандалы буындарын тот басқаны анықталған.

"Бүкіл ұл балаларға арналған киім ауыстыратын бөлмені су басқан, салдарынан еденнің негізі ажыраған. Бұл негізгі құрылымға жатпайтын аралықта сызаттардың пайда болуына әкеп соққан. Әзірлеушінің есебінен демонтаж жасалды. Қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар 25 тамызда аяқталады. Байланыс қайта жүргізіледі, бөлме бұрынғы қалпына келтіріледі. Біз бұл туралы хабардар болдық. Бригада жасақталып қойған, мердігерлер 14-15 тамызда жұмысқа кірісуі керек еді. Жазба 13 тамызда шықты", - деді ол.

Сәдуақасова акт залындағы төбенің дымқылдануы мамырдың ортасында жауған нөсердің салдары екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, барлық зардап бір күнде анықталмай жатыр. Акт залының төбесінен су ағып, жетінші блокта Ыбырай Алтынсарин бейнеленген бір қабырғаға зақым келді. Барлығы іске қосылды. Қабырғадағы сурет бүлінген соң мердігер жетінші блоктағы шатырды толығымен ауыстырған. Қабырғаға келетін болсақ, бұл жұмыстың жартысы аяқталды. Тек бояу, бояуды қалпына келтіру ғана қалды. Акт залындағы шатыр жаңбырдан кейін бірден қалпына келтірілді. Төбенің материалын өзгертуге уақытымыз болмады, бірақ бүгінде мәселе толығымен шешілді", - деп түсіндірді ол.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарын бас мердігерлер де айтты. Олардың айтуынша, жауын-шашын салдарынан қоймадан су ағып кеткен. Құрылысшылардың айтуынша, мектеп аумағынан лай су аққан, су жертөлелерді басып, спорт және ойын алаңдарын зақымдаған, құдықтарды су басқан.

"Нәтижесінде акт залының төбесінде жолақтар пайда болды. Қазіргі уақытта шатырдың осал тұстары герметизациялау арқылы жойылып, төбе жабыны ауыстырылды. Бірінші кезеңде мектептің құдықтары мен жертөлелері тазартылды. Екінші кезеңде мектеп аумағындағы спорт және ойын алаңдары мен жолдарды ластанудан тазарту жұмыстары жүргізілді", - деп түсіндірді құрылыс компаниясы өкілдері.

Мектеп 2021 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген Қарлыға Сәдуақасованың айтуынша, 2023 жылдың аяғына дейін ғимаратқа құрылыс компаниясы қызмет көрсетеді, яғни кепілдік мерзімі бар.

"Бұл осы мектептің айналасында шу көтеру үшін арнайы жасалған дей аламын. Бұл адамдарға мән-жайды біліп, түсіну қызықсыз. Тек тақырыпты осылай көтеру керек болды. Шын мәнінде, бұл бізді көптеген істен алшақтатты, мысалы, министрлік, білім басқармасын аяғынан тік тұрғызды. Адамдар қанша істерін тастап келді. Шын мәнінде, біз бұдан хабардар болдық. Жұмыстар жоспарланған болатын. Яғни, бізге Американы ешкім ашқан жоқ. Бұл солардың арқасында тосыннан ашылмады. Қазір адамдарды түсінбейсің, дау арқылы лайк жинайды, ақша табады, қаралым жинайды, осындай. Шын мәнінде, бұл мектеп оларды қызықтырмайды. Тек тақырып маңызды болды. Аурухана, мектеп немесе дәретхана ма, маңызды емес.

Біздің мектептің облыста баламасы жоқ. Талдықорғанда, бұрынғы облыс орталығында мұндай мектеп жоқ. Сол жерден келген адамдар "шынында да үлкен мектеп. Мұнда бәрі қарастырылған. Болашақта бұл балаларға, ата-аналарға қуаныш әкеледі!" дейді. Даулы жазбадан кейін министрлік пен білім басқармасының өкілдері келді, қанша ата-ананы камераға түсіріп, аумақты аралап, мектеп ішін, сыртын қарады, барлығы риза болды. Кез келген құрылыста ақаулар болуы мүмкін және оларды жоюға болады. Бұл апатты дегенді білдірмейді. 25 тамызға дейін барлығы түзетіледі, жұмыс штаттық режимде жүргізіледі. Мектеп жұмыс істейді", - деді ол.

Сәдуақасова көшедегі дәретхана туралы да айтты. Ол 2017 жылы мемлекеттік сараптамадан өткен жоба бойынша салынған.

"Ол кезде сыртта дәретханалар болмауы керек деген құжат болған жоқ. Мектеп ішінде 42 дәретхана бар. Унитаздың жалпы саны - 106, яғни мұнда ұлдарға да, қыздарға да арналған ішкі дәретханалар қарастырылған. Қызметкерлер, мұғалімдерге де бар. Біз сыртқы дәретхананы су өшірілгенге дейін қолданбаймыз. Су тоқтап қалатын жағдайлар болады. Ішкі дәретханалар бір сағат бойы жұмыс істемейді, елестетіп көріңізші, барлық 1200 бала дәретханаға барады, бірақ су жоқ. Сондықтан сыртқы дәретханалар су тоқтатылған жағдайда қажет", - деді ол.

1 қыркүйекте жаңа мектеп балаларға есігін айқара ашады. 

Еске салайық, жаңа оқу орны әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін қызу талқыға түскен болатын. Instagram-топтарда жаңа оқу орнының шатырынан су ағатыны, балаларға арналған дәретхана көшеде салынғаны жазылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети