Талғардағы қайғылы оқиға: қыздың отбасының адвокаты хейт туралы хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғардағы қайғылы оқиға: қыздың отбасының адвокаты хейт туралы хабарлады видео кадры

Талғарда баласы ұрланып, ағасы қаза болған қыздың отбасының адвокаты Гаухар Сәриева қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда баласы ұрланып, ағасы қаза болған қыздың отбасының адвокаты Гаухар Сәриева қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат әлеуметтік желіде оқиға болғаннан кейін күдіктінің туыстары жәбірленуші қызды қылмыскермен таныс болғаны үшін "кінәлі" деп айыптай бастағанын жазды.

"Айта кеткім келеді: агрессивті немесе қауіпті адаммен кездесуден ешкім сақтандырылмаған. Бұл әркімнің басынан өтуі мүмкін. Ешбір сөз, әрекет немесе жағдай өлтіруге, ұрлауға немесе қорлауға құқық бермейді. Кінәні жәбірленушінің мойнына ілу – қылмыскерді ақтау деген сөз", – деп жазды Сәриева.

Оның айтуынша, бұл трагедия "белгісіз адаммен танысудан" емес, қылмыскерді дер кезінде тоқтатпағандықтан болған.

"Қылмысты жасаған адам ғана кінәлі", – деді адвокат.

Оқиға хронологиясы

Ұрланған қыздың 24 жастағы анасы қасіретті оқиғадан бір ай бұрын күдіктіге қатысты зорлау жөнінде полицияға арыз жазған. Ол бұл процесті видеоға түсіріп, оны бопсалау үшін пайдаланған.

Адвокат Гаухар Сәриеваның айтуынша, әйелдің арызы бойынша тергеу жүргізілмеген. Қыркүйектің басында жәбірленуші күдікті мазасын ала бергендіктен тағы да полицияға арызданған. Әрине, іс қозғалғандай болған, бірақ айыптыға қатысты ешқандай нақты шара қолданылмады. Жәбірленушінің отбасы мен құқық қорғаушы күдіктіні өздері іздеп тауып, полицияға әкелген, алайда құқық қорғаушылар оны көп ұзамай белгісіз себептермен босатып жіберген.

Талғардағы адам өлтіру және бала ұрлау оқиғасы

Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында жұртты дүр сілкіндірген қылмыс болды. Ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, оның кішкентай жиенін ұрлап кеткен. Кейінірек арнайы жасақ баланы құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды.

Сәриева оқиғаға қатысты бірнеше видео жариялап, кейбір деректерді нақтылады.

Видеода жәбірленуші Сәриеваның туған әпкесі екені, ал күдікті автосервис қызметкері екені айтылады. Бір ай бұрын ол әйелді зорлады деп айыпталған. Адвокаттың сөзінше, сол кезде полиция ешқандай шара қолдамаған. Екі күн бұрын адвокат күйеуімен бірге күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған, алайда келесі күні ол босатылған. Осыдан кейін ер адам Сәриеваның әпкесіне қоңырау шалып, қорқыта бастаған. Кейін ол әйелдің ағасының үйіне барып, оны атып өлтіріп, екі жасар баланы ұрлап әкеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети