Талғардағы оқушылар төбелесі: жаңа мәлімет айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғардағы оқушылар төбелесі: жаңа мәлімет айтылды © instagram/kris_p_talgar_2

Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасындағы төбелеске қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасындағы төбелеске қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысы Салтанат Бесбаеваның айтуынша, мектеп директорына, оның орынбасарына және сынып жетекшісіне сөгіс жарияланған.

"Олар осы жайттардың бәрін ескеруі керек еді. Әсіресе, каникулдан кейін: балалар тіл табыса алмай жүр. Сол себепті ұрыс-керіс болды. Директор, оның орынбасары және сынып жетекшісі оқушылармен сөйлесуі керек", - деді Салтанат Бесбаева.

Еске салайық, кеше екі жоғары сынып оқушысы арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 2005 жылы туған оқушылардың бірі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтып берді.

"2005 жылы туған науқас 2022 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 11.50-де травматология бөліміне жатқызылды. Диагноз: жабық бас-ми жарақаты. Миы шайқалған. Науқас тексерілді, одан әрі емделу үшін травматология бөліміне жатқызылды", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети