05 тамыз 2015 | 12:40

Талғат Бигелдиновтің туыстары мұрағаттағы өте сирек кездесетін суреттерді көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті туыстары мен достары еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті туыстары мен достары еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 5 тамызда Талғат Бигелдиновтің туғанына 93 жыл болды. Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында ұшқыштың достары, балалары мен немерелері Мәңгілік алауға гүл қойды. Сонымен қатар, Офицерлер үйінде Бигелдиновтің суреттер көрмесі ұйымдастырылды, "Әуеге көтерілу" деректі фильмі көрсетілді.

"Әкем өте көңілді адам болды, ол күлкілі әңгімелерді жақсы көретін. Отбасына ерекше көңіл бөлді. Біздің үйде қонақта танымал жазушылар - Рождественский, Евтушенко, Снегин болды. Күн сайын қонақтар келетін. (...) Ол отанына өз өмірін арнады", - деді Талғат Бигелдиновтің қызы Галина Бигелдинова.

Эскадрилья командирі Талғат Бигелдинов. 1944 год (сол жағынан екінші)

Белгілі ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов 1922 жылдың 5 тамызында Ақмола облысында дүниеге келген. Ол 16 жасында аэроклубқа түседі. 1943 жылдың қаңтарында қазақстандық Калинин майданына келіп, онда оған 296-шы дивизияның 800-ші авиациялық полкінің Ил-2 штурмовигі тапсырылады. 

Берлин. 1945 жыл

1944 жылы қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын азат етуде көрсеткен ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін және жаудың төрт ұшағын атып құлатқаны үшін аға-лейтенант Бигелдиновқа Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Бұл уақытта ол шамамен 200 әскери шабуылға ұшып үлгереді. Сонымен қатар, Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа қатысады. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Талгат Бигелдинов жауынгер досымен. 1946 жыл

Талғат Бигелдинов жауынгерлік тапсырмамен 305 рет ұшты. Айта кетейік, 2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимовтың өлімінен кейін Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін "Алтын Жұлдыз" алған, Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иемденген жалғыз тірі адам болған еді.

Жеңістің 50 жылдығы мерекесінде. Юрий Павлов, Леонид Гирш және Талғат Бигелдинов, 9 мамыр 1995 жыл

Мәңгілік алауға гүл қою сәті. © Айжан Түгелбаева

Талғат Бигелдиновтің қызы Галина. © Айжан Түгелбаева

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети