Талғат Ермегияевтің көліктері меморгандарға тапсырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін gosreestr.kz сайтында Талғат Ермегияевтің тәркіленген көліктерінің суреттері жарияланған болатын. Қазіргі уақытта реестрге төрт автомобиль "Мемлекеттік заңды тұлғалардың қорына тапсырылсын" деген статуспен тұр.

Олардың ішінде 2014 жылы шыққан Lexus LX 570 маркалы автомобилі бар.
2009 жылы шыққан Mercedes-Benz 500S.
2011 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 200
2010 жылы шыққан Lexus LX 570 маркалы автомиль.
Өтініш қабылдау конкурсы жарияланды және бір аптадан соң бұрынғы лауазымды басшының көліктерінің қай мемлекеттік органға берілетіні белгілі болады. Егер мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұл көліктерге қызығушылық танытпаса, онда gosreestr.kz сайты арқылы электронды саудаға қойылады.
2016 жылы Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарған еді. Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.