Талғат Ешенқұлов білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Ешенқұлов  білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы - "Қайнар" университетін, 2010 жылы - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети